Түркияда өрттен қаза тапқандар саны 12-ге жетті
Түркияда егістік алқабында болған өрттен қаза тапқандар саны 12-ге жетті. Жараланғандар болса 78 адам. Олардың үшеуі ауыр халде. Қайтыс болғандар мен жараланғандардың барлығы дерлік қою түтінге тұншыққан. Екі күн бұрын бидай мен жүгері алқаптарында басталған өрт маңайдағы ауылдарға да жайылды. Бірнеше елдімекеннің тұрғындары қауіпсіз жерлерге көшірілді. Өртті сөндіруге күннің ыстығы мен қатты жел кедергі болған. Алдын ала мәліметтерге сай 15 мың гектар жер күлге айналған. Бірнеше адамның өліміне алып келген өрттің нақты неден шыққанын анықтау үшін тергеу жұмыстары басталды.
Мунир Каралоғлы, Түркия Ішкі істер министрінің орынбасары:
Өрттен диқандарымыздың егістік алқаптары ғана емес, техникасы мен суару жүйелері де зардап шекті. Малдары өлген шаруалар да бар. Мемлекет тарапынан зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек беріледі. Алғашқы көмек ретінде әзірге бюджеттен 5 млн лира қаржы бөлінді. Нақты шығындар есептеліп болған соң олардың барлығы мемлекет тарапынан өтеледі.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары»: Турнирді көрушілер көбейіп келеді
05.08.2026, 17:38
Отырардан теңгелер мен қыш ыдыстар табылды
05.08.2026, 17:37
Шымкенттік жастар қала көшелерін тазалады
05.08.2026, 17:35
Қандастар СҚО-да қолөнерді жаңғыртып жүр
05.08.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
05.08.2026, 17:30
Грант бойынша білім алған 269 түлек міндеттемелерін орындамаған
05.08.2026, 17:27
₸10 млн-ды айналымға заңсыз енгізген күдікті ұсталды
05.08.2026, 17:25
Жазасын өтеуші 10 мың адам рақымшылыққа ілінуі мүмкін
05.08.2026, 17:22