Түркістанда қыш күйдірген көне пештер табылды
Түркістан облысындағы Қарашық өзені маңынан қыш күйдірген көне пештердің орны табылды. Құнды жәдігерді қазба жұмыстары кезінде жергілікті археологтар тауып алған. Ежелгі пештердің іргесі бұзылмай сақталған. Ғалымдар енді Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің кірпіші осы пеште құйылған болуы мүмкін деген болжам айтып отыр. Ал табылған жәдігерлер зертханаға жіберілді. Археологтардың айтуынша, бұл жерде өз заманында қыш құятын, күйдіретін орын болған. Қыш өндірісі бұл өңірде бұрыннан дамыған. Сондықтан тарих жанашырлары көне пештердің орнын қазып, оны қорғап, туристік және тарихи жерге айналдыру керек деген пікірде. Ал қай ғасырға тиесілі екенін қазір ғалымдар анықтап жатыр.
Мадияр Елеуов, профессор, археолог:
Міне, дәл осындай пеш Қазақстанда бірінші рет ашылып отыр. Мұндай пеш жоқ. Сондықтан мүмкіндік болса мұндай пешті сақтап қойсақ Түркістанға ең жақын тұрған обьект. Туристер ағылатын жер. Жолдың үстінде тұр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15