Арыста әскери бөлім аумағында үш адам көз жұмды
Бүгін Арыста әскери бөлімде үш адам көз жұмды. Тағы екі адамның жағдайы ауыр. Қорғаныс министрлігінің ақпаратынша, қайғылы жағдай кәріз құдығын тазалау кезінде болған. Абайсызда құдыққа жұмысшы құлап, оған көмекке екі жұмысшы мен екі әскери қызметші келген. Алайда, кәріз газына уланған 3 адам құдықтан шыға алмай, оқиға орнында жан тапсырды. Оның бірі - жұмысшы, екіншісі - әскери қызетші. Ал, Арыстағы ауруханаға жеткізілген екі адамның жағдайы орташа ауыр. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу «еңбекті қорғау ережелерін бұзу» фактісі бойынша басталды. Қорғаныс министрлігі мен Қарулы күштердің жеке құрамы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айта отырып, барлық қажетті көмек көрсетілетін жеткізді.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15