Түркістан облысында мыңнан астам қала тұрғыны тазалық акциясына қатысты
Таңмен таласа тұрған түркістан жұрты, тазалық акциясына қатысты. Мыңнан астам қала тұрғыны 18 көшенің бойын тазалап шықты. Табиғат жанашырлары қала шетіндегі индустриалды аймаққа апаратын негізгі жолдың екі қапталын қураған шөптен арылтты.
Жантақ, жыңғыл басқан алқаптардың шөбін орып, тұрмыстық қалдықтарды жинастырды. Күл-қоқысты арнайы қаптарға салып, көлікке артты. Дәл осындай жұмыстар, шаһардағы Ортақ, Оралман, Шабғар мөлтек аудандарында да жалғасты.
Қалмырза Есетов, Қала тұрғыны:
Көшелерін таза ұстаса, аулаларын таза ұстап жүрсе, қаламыз таза қалаға айналатын еді. Соны кейбір адамдарға түсіндіре алмай жатырмыз. Бүгін 50-60 адам жабылып, көше тазартып жатыр. Бұдан 3-4 жыл бұрынғы қала емес, қазір мүлде басқа қалаға айналып кеттік біздер.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындарына бір күн қалды
18.09.2026, 10:09
Азия ойындарының әзірлігі аяқталып келеді
18.09.2026, 10:08
ЕО-ның 27 елінде жасөспірімдердің әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салынуы мүмкін
18.09.2026, 10:07
Ғабит Мүсірепов театры 80 жылдығын Көктөбеде атап өтті
18.09.2026, 10:06
«Жасмин мен Балу» фильмі көрерменге жол тартты
18.09.2026, 10:04
Қостанайда Президенттің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы талқыланды
18.09.2026, 10:01
Ақмола облысында жолаушылар пойызы 13 бас ұсақ малды қағып кетті
18.09.2026, 10:01
Қазгидромет: Қазан айы жылы болады
18.09.2026, 10:00