Түркістан облысының Сарыағаш ауданында «Таза Қазақстан» акциясына мыңға жуық адам қатысты
Түркістан облысының Сарыағаш ауданында «Таза Қазақстан» акциясына мыңға тарта адам қатысты. Қала тұрғындары мен мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау органдарының өкілдері мен жастар атсалысқан шарада, республикалық маңызы бар ішкі жолдардың бойы тазартылды. Олар аудан орталығы мен ауылдарда көшелерге тасталған қоқыстарды көліктерге тиеп, қураған ағаштардың бұталарын кесіп шықты. Саябақтар және демалыс орындарында сенбіліктер ұйымдастырылып, арық-атыздар және мешіттер мен мазарлар тазартылды. Бұл жұмыстарды атқаруға бас-аяғы 25 техника жұмылдырылып, 16 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Арман Абдуллаев, Сарыағаш ауданының әкімі:
Тазалық бұл барлығымызға ортақ нәрсе деп ойлаймын. Сондықтан қаланы сектор секторға бөліп бердік. Әрбір тұрғындар өздерінің тұрған көшелерінің тазалығын қамтамасыз етіп отырған болса, соның өзі бізге үлкен жәрдем болар еді. Сондықтан мен қала тұрғындарын осы тазалықты сақтауға шақырған болар едім.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15