Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Бас демеуші 1 млрд теңге бөлді
1 миллиард теңге. Осыншама ақша 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын спортшылар мен делегаттардың әуе билеттеріне жұмсалады. Қомақты қаражатты дүбірлі доданың бас демеушісі «Alageum Electric» компаниясы бөлмек. Бүгін тиісті меморандумға қол қойылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл ақшаға бүгіннен бастап билеттер сатып алынады. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 59 күн қалды. Байрақты бәсекеге әзірге 89 мемлекеттің қатысатыны белгілі. Спортшылар мен делегаттардың жалпы саны 2500-ден асып жығылады.
Биылғы дүбірлі додада 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Еркебұлан Ілиясов, «Alageum Electric» компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы:
2023 жылдан бастап өзіміздің осы дәстүрлі ойындарымызға бас демеуші болып келеді. Ол – арқан тартыс және жамбы ату. Компаниямыздың атынан өзіміз отандық ойындарымызды қолдау үшін қор аштық және сол қор арқылы барлық көмегімізді білдіреміз.
Қаракөз Тұрмағамбет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03