Шымкентте жиналыс үстінде тұтқындалған шенеуніктің ісі бойынша сот басталды
Шымкентте лауазым иесінің ісіне қатысты сот басталды. Жемқорлық әрекет жасады деген күдікпен осыдан 5 ай бұрын әкімдіктегі жиналыс үстінде экс-шенеуніктің қолына кісен салынған еді. Тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарған азаматқа қазынаның 120 миллион теңгесін жымқырды деген айып тағылған. Ол 216 көпқабатты тұрғын үйдің сейсмикалық жағдайын техникалық сынақтан өткізуге бағытталған қаржыны мүдделес компанияға бір көзден берді деген күдікке ілінген. Алайда бүгінгі сот отырысында сотталушы да, оның қорғаушылары да бұл айыптаумен келіскен жоқ. Басқарманың экс-басышымен бірге сотқа мердігер мекеменің жетекшісі де жауап беріп жатыр.
Шымырбай Ағабеков, айыпталушының қорғаушысы:
Алдын ала тергеу кезінде қылмыстық процестік кодекстің талаптары қатаң сақталмаған. Сот сараптама қорытындылары тек бастапқы аудиторлардың немесе басқа да мамандардың қорытындыларына негізделіп шығарылған. Сондықтан бұл жөнінде біз үлкен дау тудырамыз.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15