Астанада ірі креативті хаб ашылды
Ал Астанада алғашқы ірі креативті хаб ашылды. Шығармашылық топ өкілдері енді осы алаңда өз туындыларын ұсына алады. Үш қабатты ғимаратта отандық баспалардың өнімдеріне арналған оқу залы, этно-мұражай және қолөнер шеберханалары бар. Әрі мұнда заманауи театр қойылымдары, музыкалық және әдеби кештер өткізуге болады. Мұндай хаб бүгінде Астанада, Алматыда және Түркістан қаласында бар. Жақында Орал қаласында тағы бір орталық ашылады. Жалпы креативті индустрияны дамытудың маңызын бұған дейін Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда айтқан еді.
Мақпал Жұмабай, Ozgeepic креатив хабының негізін қалаушы:
Бұл кеңістікке бойында таланты бар, өзін басқа қырынан танытқысы келетін және өнерімен кәсіби түрде айналысқысы келетін кез келген Қазақстан азаматы, шетел азаматы келе алады. Негізгі біздің мақсатымыз – бәсекеге қабілетті өнер жасау, сонымен қатар талантты жастарға тәлімгерлік ету.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15