Бурабайда «Вандализмге жол жоқ» атты акция өтті
Бурабай ұлттық паркінде «Вандализмге жол жоқ» атты акция өтті. Шараға «Аманат» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері қатысты. Олар Бурабай ұлттық паркінің Боровский орман шаруашылығының қызметкерлеріне көмектесті. Сондай-ақ, «Жас Қыран» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұйымының Ақмола облыстық филиалы мен «LIDER.KZ» еріктілер қозғалысының өкілдері де қатысты. Олар Бөлектау аумағындағы қоқысты жинап, ағаш бұтақтарына ілінген маталарды алып тастады. Бурабай курорттық аймағын тазалауға 30-ға жуық белсенді үлес қосты.
Камила Мүсілімова, «Жастар рухы» Жастар қанаты Бурабай аудандық филиалының жетекшісі:
Мұндай акцияларды өткізу жастарды қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезіміне баулуға септігін тигізеді деп ойлаймын. Сонымен қатар, әрине, туған жеріміздің табиғи мұрасын сақтау. Щучинск қаласы мен Бурабай ауданының тұрғындары мен қонақтарын мәдени мұрамызды сақтауға және қоқыстарды жинауға шақырамыз.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
11.08.2026, 21:30
Марафоншы Құрылтай сайлауына дейін 1300 шақырымды бағындырмақ
11.08.2026, 20:22
Абай – қазақтың қазынасы
11.08.2026, 20:16
Жерасты мешіттері – әлемдік мұра
11.08.2026, 20:10
Жыл соңына дейін 190 мың автокөлік құрастырылады
11.08.2026, 20:09
Экс-президент Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
11.08.2026, 20:05
Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
11.08.2026, 20:05
Жұмыс тобы сайлау учаскелерінің дайындығын арнайы мониторингтен өткізді
11.08.2026, 20:05