Шымкентте «Таза бейсенбі» акциясына танымал тұлғалар қатысты
Бүгін Шымкентте өткен «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына «AMANAT» партиясының мүшелерімен бірге танымал өнер жұлдыздары, спортшылар және «Jasyl el» еңбек жасағы қатысты. Олар тәулік бойына көлік нөпірі үзілмейтін А-2 айналма тас жолы бойын шашылған қоқыстан және қураған ағаштардан тазартты. Төңіректен шыққан бірнеше тонна қоқыс арнайы көліктерге тиеліп полигонға жөнелтілді. Акцияға қатысушылар мегаполистің ажарлана түсуіне осында тұратын әрбір азаматтың үлес қосқаны аса маңызды,-дейді.
Марат Достаев, қала тұрғыны:
Әзілге, «Жайдарманға» қай жылы келдік содан бері қаланың кез келген іс-шарасына қатысып жүрміз. Өйткені біз Шымкент қаласында тұрамыз. Қаламызды таза ұстау өзіміздің қолымызда.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15