Ата-аналар үшін педагогикалық қолдау орталығы жұмыс істейді
Балалардың жазғы демалысындағы қауіпсіздігіне тікелей ата-ана жауапты. Мамандар үлкендердің осыны естен шығармауын сұрайды. Сондай-ақ баланың заңды өкілі оған төтенше жағдай кезінде қалай әрекет ету керектігін де үйретуі шарт. Ал ата-аналарға баламен дұрыс жұмыс істеуді арнайы педагогикалық қолдау орталығындағы мамандар түсіндіреді. Биыл басталған жоба келесі жылы да барлық орта мектептерде жұмыс істемек. Былтыр орталықта дәріс оқитын 10 мыңнан астам педагог арнайы біліктілікті арттыру курсынан өтсе, жаңа оқу жылында тағы да ұстаздар үшін 50-ге жуық оқу-вебинарлары ұйымдастырылады.
Ерболат Шайланов, «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының аға ғылыми қызметкері:
Осы жылы біз балалардың жеке басының қауіпсіздігін қалыптастыру, төтенше жағдай кезінде балалардың қауіпсіздігіне мектеп, сосын ата-ана қалай жауап беру керек? Көбінесе ата-аналардың жауапкершілігінде қандай белгілі бір әрекеттер болады, сонымен қатар ата-аналар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін олардың бойында қандай білім, дағдылар болуы керек, осы секілді тақырыптар алдағы оқу жылында қозғалатын болады.
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
11.08.2026, 21:30
Марафоншы Құрылтай сайлауына дейін 1300 шақырымды бағындырмақ
11.08.2026, 20:22
Абай – қазақтың қазынасы
11.08.2026, 20:16
Жерасты мешіттері – әлемдік мұра
11.08.2026, 20:10
Жыл соңына дейін 190 мың автокөлік құрастырылады
11.08.2026, 20:09
Экс-президент Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
11.08.2026, 20:05
Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
11.08.2026, 20:05
Жұмыс тобы сайлау учаскелерінің дайындығын арнайы мониторингтен өткізді
11.08.2026, 20:05