Париж-2024: Бүгін жеребе тартылады
Ертең Париж Олимпиадасының ашылу салтанаты өтеді. Ал, бүгін спортшыларымыз дзюдо, бокс және теннистен жеребе тарту рәсімі болады. Яғни алғашқы қарсыластары белгілі болады. Дода басталмай тұрып бірнеше спорт түрінен іріктеу кезеңі өтіп жатыр. Олардың арасында жерлестеріміз де бар.
Нұрсұлтан Тілектес – Тілші:
Төртжылдықтың басты спорт додасы, ертең басталады. Бүгін бірнеше спорт түрінен іріктеу кезеңдері өтіп жатыр. Оның арасында біздің садақ тарту шебелері де бар. Сондай-ақ бүгін бокс, дзюдо және теннистен спортшыларымыз алғашқы қарсыластарын жеребе арқылы анықтайды. Айта кету керек, былғары қолғар шеберлері бұл олимпиадаға толық құраммен келді. Ал, әйелдер арасындағы бокстан тұңғыш рет үш спортшымыз Олимпиаданың шаршы алаңына шығады. Дзюдодан осымен үшінші олипиадасына қатысқалы отырған Елдос Сметов, соңғы үш жыл бойы барлық халықаралық жарыстардан жүлде алып жүрген Әбиба Әбужақынова да сынға түседі. Ал, Елена Рыбакина мен Александр Бублик аралас жұптасып өнер көрсетуден тағы бір лицензия алған деген хабар тарап еді. Бірақ, халықаралық олимпиада комитеті әлі нақты шешім шығарған жоқ. Жалпы, осы бәсі биік байрақты бәсекеде Қазақстан намысын 80 спортшы қорғайды.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан мен АҚШ арасындағы серіктестік қарқынды дамып келеді
10.04.2026, 21:19
Былтыр еліміз IT-қызметтер экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапқан
10.04.2026, 20:44
Аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды
10.04.2026, 20:43
Ақкөлде қалалық стадион аумағы қоқыстан тазартылды
10.04.2026, 20:42
TazaQazBot Telegram чат-ботына 4 мыңнан астам өтінім түсті
10.04.2026, 20:41
Семейде «SuperStar KZ» жобасына үміткерлерді іріктеу өтті
10.04.2026, 20:39
Ұлттың үнбайрағы «Shalqar» радиосына – 60 жыл
10.04.2026, 20:37
ШҚО-да ардагерлер ұйымы есеп беру конференциясын өткізді
10.04.2026, 20:35