Телефон алаяқтары Астанадағы жалдамалы пәтерді пайдаланған
Телефон алаяқтары өздерінің заңсыз әрекеттерін Астанадағы жалдамалы пәтерлерде жүзеге асырып келген. Мұны Полиция департаменті хабарлады. Жедел-іздестіру іс-шараларында виртуалды абоненттік нөмірлерді тіркеуге арналған GSM-box аппаратурасын желіге қосқан Қызылорда облысының тұрғындары анықталды. Бұл жабдық арқылы алаяқтар өздерін банктер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері ретінде таныстырып, қоңырау шалған Олардың күнделікті табысы кем дегенде 45 мың теңге.
Полиция қызметкерлері 230 SIM-картаға, 4 ұялы телефонға, банк карталарына және флэш-карталарға арналған слоттары бар GSM-box аппаратурасын тәркіледі. Қылмыстық іс қозғалды, ұсталғандардың әрекетінен зардап шеккендер анықталды.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
11.08.2026, 21:30
Марафоншы Құрылтай сайлауына дейін 1300 шақырымды бағындырмақ
11.08.2026, 20:22
Абай – қазақтың қазынасы
11.08.2026, 20:16
Жерасты мешіттері – әлемдік мұра
11.08.2026, 20:10
Жыл соңына дейін 190 мың автокөлік құрастырылады
11.08.2026, 20:09
Экс-президент Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
11.08.2026, 20:05
Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
11.08.2026, 20:05
Жұмыс тобы сайлау учаскелерінің дайындығын арнайы мониторингтен өткізді
11.08.2026, 20:05