Алматылық жанкүйерлер Александра Лені қолдауға жиналды
Бүгін Алматылық жанкүйерлер Александра Лені қолдау үшін, оның жаттығу залына жиналды. КСМ: Олимпиада ойындарының финалында бақ сынаған қазақстандық мерген қыз 10 метрден пневматикалық винтовка атудан 6-орын алды. Финалдық сайыста жүлде бұйырмаса да, 5 дүркін Әлем Чемпионы Норвегиялық Дженат Хегг пен 3 дүркін Әлем Чемпионы, Үндістаннан келген спортшы Рамита Жиндалдан басып озды. Айта кетейік, Александра Ле осыған дейін Ислам Сәтпаевпен бірге аралас командалық жарыста ел қоржынына алғашқы жүлдені салған еді.
Вероника Викторова, Александраның жеке жаттықтырушысы:
Олар алдыңғы күні ғана аралас командалық жарыста қола медаль алды. Сосын бірден өзі жарысқа шықты, бүгін үшінші күн қатарынан сайысты. Оның барлығы адамға психологиялық тұрғыдан оңай емес. Жас спортшы үшін финалға шығу да - ерлік. Александраның жеңісі әлі алда деп сенемін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14