Париж-2024: Стенд атудан үздіктер қатарына енуіміз мүмкін
Әлем көз тіккен Париж Олимпиадасынан әзірге қуанышты жаңалық болмай тұр. Дегенмен үміт әлі бар. Стенд атудан Мария Дмитриенко іріктеу кезеңінің бірінші күнін сәтті бастады. Парижден тікелей эфирге әріптесім Нұрсұлтан Тілектес қосылды.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Жарыс жолына шыққан мерген Мария Дмитренко төрттікке ілікті. 73 ұпай жинады. Ол жарысты әрі қарай жалғастыруы үшін үздік алтылыққа енуі тиіс. Енді ертең бақ сынайды. Ал оған дейін өнер көрсеткен дзюдошы Абылайхан Жұбаназар венгриялық спортшыдан жеңіліп қалды. Ал әйелдер арасында 63 келі салмақта күрескен Эсмигүл Құйылова аустриялық балуанға жол берді. Оның айтуынша есеге қайтаруға уақыт жетпей қалды. 100 метрге еркін әдіспен жүзде іріктеуде сынға түскен Әділ Мусин де келесі айналымға өте алмады. Ол мәреге 8-ші болып келді. Енді жерлесіміз 2 тамыз күні 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден сынға түседі. Қазір 80 келі салмақта Нұрбек Оралбай аустралиялық Каллум Питерспен жұдырықтасып жатыр. Ал 23:00-де 51 келі салмақтағы Сәкен Бибоасынов шаршы алаңға шығады.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15