Қазақстан дзюдодан рейтингте 2-орында
Қазақстан дзюдо бойынша Париж Олимпиадасының рейтингінде Жапониядан кейін екінші орында тұр. Барлығымызға мәлім 60 келі салмақ дәрежесінде күрескен Елдос Сметов пен 66 келі салмақта белдескен Ғұсман Қырғызбаев ел қоржынына алтын және қола медаль салды. Қазір, осы саладағы сарапшылар мен бапкерлер қазақ дзюдосының деңгейі өсті, тіпті олар «Қазақстан - дзюдодағы ұлы ұлт» деген пікір айтып жүр. Мәселен, Франция дзюдо федерациясының өкілдері Данияр Шамшаев, Эсмигүл Құйылова, Абылайхан Жұбаназар сынды балуандарымыздың сәтсіз өнеріне қарамастан, бізді осы спорт түрінен Азия көшбасшыларының бірі деп отыр.
Ларби Бенбудауд, Франция дзюдо федерациясының қоғаммен байланыс жөніндегі директоры:
Дзюдодан Қазақстан құрамасының болашағы жарқын. Сметовті алып қарайтын болсақ, ол Олимпиаданың үш дүркін жүлдегері. Оның еншісінде қола да, күміс те, алтын да бар. Бұндай жетістікпен мақтана алатын спортшылар кемнен-кем. Осы жолғы Олимпиадада ол менің жерлесімді тізе бүктірді. Біз оған қынжылмаймыз. Жарыс әлі аяқталған жоқ, алда командалық жарыс бар. Сондықтан қазақстандық дзюдошылар тағы жүлделі болады деген сенімдемін.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15