Париж-2024: Палуандарымыз бен мергендеріміз сынға түсті
Париж Олимпиадасы жалғасып жатыр. Түске дейін жекелей сында дзюдошы Нұрлыхан Шархан мен садақ атудан Дәулеткелді Жаңбырбай сынға түсті.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Қазір дзюдодан жарыс өтіп жатыр. Татамиге шыққандардың арасында жерлесіміз Нұрлыхан Шархан да бар. 100 келі салмақ дәрежесінде күрескен палуанымыз бірінші айналымда Бельгия спортшысын тізе бүктіріп, екінші айналымда өзбекстандық атлеттен жеңіліп қалды. Осылайша спортшымыз ширек финалдан қағылды. Белдесуден кейін біз онымен сұхбаттастық. Нұрлыханның айтуынша оған азғана сәттілік жетіспеді. Айта кетейік, бұл Нұрлыханның алғашқы олимпиадасы. Түске дейін садақ атудан Дәулеткелді Жаңбырбай да жарысқа қатысты. Ол жекелей сында колумбиялық мергенмен бақталасты. Өкінішіке қарай жерлесіміз 3:7 есебімен қарсыласына есе жіберді. Осымен Дәулеткелді үшін Париж олимпиадасы аяқталды. Алда бокстан, теннистен, гандбол, волейбол, су добы сынды спорт түрлерінен әйелдер және ерлер құрамасының мүшелері жарыс жолына шығады. Соңғы үш күнде ел қоржынына медаль түспеді, сондықтан бүгін спортшыларымыз қуантады деген үміттеміз.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15