Жетісу облысында төрт ауыл табиғи газға қосылды
Жетісу облысында төрт ауыл табиғи газға қосылды. Қаратал ауданына қарасты Бастөбе, Достық, Қанабек және Жаңаталап елді мекендеріне 96 шақырым құбыр тартылды. Төрт ауылда шамамен 6500 тұрғын бар. Облыста мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 33 елді мекенге көгілдір отын жеткізілді. Биыл тағы 30 ауылға табиғи газ тартылады. Ал 2025 жылдың соңына қарай халық саны 500 мыңнан асатын 126 елді мекенге көгілдір отын кіреді. Мұнан бөлек, биыл Талдықорған-Үшарал газ магистралінің құрылысы басталмақ. Жоба іске асса үш ауданның 66 ауылы табиғи газға қосылады.
Зина Мусина, Достық ауылының тұрғыны:
Қыстай көмір жағамыз. Жазда мына газымызға шай қою үшін балон сатып аламыз. Сөйтіп өмір сүрдік қой енді. Енді мына табиғи газ келгенге қуанып отырмыз. Қуанышымызды жеткізе алмай отырмыз. Рахмет!
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15