Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасындағы алғашқы кездесуінде жеңілді
Париж Олимпиадасындағы кезекті жарыс күні спортшыларымыз үшін сәтсіз басталды. Дзюдо, биіктікке секіру, жузу және семсерлесуден жерлестеріміз қарсыластарына есе жіберіп, біршамасы жарысты аяқтады.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Неге екені белгісіз, жерлестеріміздің жолы болмай жатыр. Бүгін әйелдер арасында 78 келі салмақ дәрежесінде татамиге шыққан Камила Берліқаш моңғолиялық қарсыласына жеңіліп қалды. Тиісінше Камила үшін Олимпиада аяқталды. Биіктікке секіру бағдарламасында бақ сынаған Надежда Дубовицкая мен Елизавета Матвеева да жарыс жолын аяқтады. Надежда 1,88 метрді, Елизавета 1,92 метр биіктікті бағындыра алмады. Ал баттерфляй әдісімен 100 метрге жүзуден сынға түскен Әділбек Мусин мәреге 5 болып келді. Бұл жартылай финалға шығуға жеткіліксіз болды.
Бұл семсерлесуден ұлтық құраманың бірінші жарысы болатын. Өкінішке қарай, жерлестеріміз венгрлиялықтарға есе жіберді. Енді семсершілеріміз 5-8 орындар үшін мысырлықтармен бақталасады. Ендігі үміт боксшыларымызда. Сәлден соң 80 келі салмақ дәрежесінде Нұрбек Оралбай шаршы алаңға шығады. Одан кейін Сәкен Бибосынов және Карина Ибрагимова жұдырықтасады. Спортшыларымызға сәттілік тілейміз. Тоқтала кететін жайт, бүгін грек-рим және еркін күрестен ұлттық құрама Парижге келіп қонады. Енді осы грек-рим және еркін күрес шеберлері ел қоржынына жүлде салып, жарысты жақсы қорытындылайды деген үміттеміз. Қоржында әзірге бір алтын, 2 қола медаль бар.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53