Электронды цифрлы қолтаңба беру жолы өзгереді
Электронды цифрлы қолтаңбаны флеш картамен тасымалдау қауіпті. Цифрлық даму министрлігі осындай мәлімдеме жасап отыр. Сондықтан бұл қолтаңбаны пайдалану тәртібі өзгертілуі мүмкін.
Самал Қабышева, тілші:
Бұған дейін электронды цифрлы қолтаңбаны флеш картаға салып, тасымалдайтынбыз. Енді оған тыйым салынуы мүмкін. Яғни электронды цифрлы қолтаңба оңайлықпен көшіріп алуға мүмкіндік бермейтін нұсқаларға ауыстырылмақ. Цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, ол екі түрде ұсынылады. Біріншісі, биометриялық. Екіншісі, токен тасымалдағышы. Яғни, электронды цифрлы қолтаңбаны биометриялық сәйкестендіруді өту арқылы қолданатын боламыз. Екінші түрінде токен тасымалдағышы қарастырылған. Ол - флеш картаға ұқсайды. Айырмашылығы оны жоғалтқан жағдайда кез келген сәтте бұғаттай аласыз.
Ал қарапайым флешкада ондай мүмкіндік жоқ. Бұл банк картасы сынды, барлық қауіпсіздікті сақтауға мүмкіндік береді. Мамандар мұндай жаңашылдықты киберқылмыстан қорғану үшін жасап жатыр. Ескертетін жайт бұл әзірге ұсыныс ғана. Ал сіздің жеке куәлік, туу туралы куәлік және паспорт құжаттарыңыздың көшірмесін ешбір мекеменің талап етуге құқығы жоқ. Жеке деректер тарап кетсе, е-otinishке шағым беру керек. Өтініш беру үшін бұзушылық фактісін растайтын осы бес деректі қамту қажет.
Айта кетейік жеке дерек таралған жағдайда 10-1000 АЕК айыппұл салынады. Тіпті жеке деректің таралуына жол бергендерге қылмыстық жауапкершілікте қарастырылған.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15