Өзбекстанда қазақстандық университет филиалы ашылды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бүгін бірқатар нысанның ашылуына қатысты.
Сонымен Алматыда «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері» институтының филиалы ашылды. Ал Шыршық қаласында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің филиалы құрылды. Мемлекет басшылары салтанатты іс-шараны бейнебайланыс арқылы тамашалады. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Өзбекстанның Білім министрі атқарылған жұмыстарды саралап, ынтымақтастықтың басым бағыттарын баяндады. Олар қазақ-өзбек байланысы енді ғылым-білім саласында да нығая түсетінін атап өтті.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
Ташкент университетімен бірігіп, шаруашылық, су, ирригация, техника, жалпы су мәселелері бойынша арнайы бағдарламалар ашылады. Қазіргі уақытта Орта Азия аймағы үшін су өте үлкен мәселеге айналуда. Бұл - ортақ мәселе. Арал, Сырдария мәселесі бар.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53