Жолаушы FlyArystan әуе компаниясын сотқа берді
FlyArystan әуе компаниясы 12 жастағы қызды рейске жібермегені үшін жауапқа тартылады. Азаматтық авиация комитеті оларға тексеру жүргізбек. Бұған дейін домбыраны бортқа кіргізбей басы дауға қалған компания енді кәмелеттік жасқа толмаған баланы тастап кеткен.
Оқиға 20 шілдеде болған. Қазақстандық Жазира Мусинаның сөзінше, оның Америкадан егіз қызы елге оралған. Астана арқылы Оралға ұшуы тиіс болған. Бірақ әуе компания қызметкері егіздің бірін тіркеп, екінші сыңарын тіркемеген. Бірақ егіздің сыңарын бортқа өздері отырғызамыз деп сендірген. Алайда қызды отырғызбай, бала әуежайда жалғыз өзі қалып қойған. Қазір анасы FlyArystan әуе компаниясын сотқа берді.
Ләззат Стамғазиева, ҚР Көлік министрлігінің ресми өкілі:
FlyArystan әуе компаниясын тергейді және тексереді. Қазіргі таңда осы баланың ата-анасымен тікелей байланыстамыз. Алдағы уақытта кездесеміз деген жоспарымыз бар. FlyArystan әуе компаниясы да кешірім сұраған. Жалпы жолаушылардың құқығы мүлтіксіз сақталуы керек. Бұл өте өрескел жағдай. Біз оны мойындаймыз.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада «Отбасы банк» салымшыларының саны 100 мыңнан асты
08.12.2025, 20:56
Оңтүстік-Шығыс Азияның екі елі қайта қақтығысты
08.12.2025, 20:53
Әлем жаңалықтарына шолу
08.12.2025, 20:52
Н.Төреғалиев: Ең арзан сиыр еті – Батыс Қазақстанда
08.12.2025, 20:45
Аягөздегі алыс ауылдардың мәселесі шешілді
08.12.2025, 20:41
ЛГБТ насихатын шектеу ұлттық құндылықтарды қорғайды
08.12.2025, 20:31
«Қайрат» пен «Олимпиакос» матчын Ұлттық арна тікелей эфирде көрсетеді
08.12.2025, 20:25
Стоматологиядағы бала өлімі: Анестезиологтан жауап алынды
08.12.2025, 20:14