Боксшы Назым Қызайбай елге оралды
Париж Олимпиадасының бокстан қола жүлдегері Назым Қызайбай да елге келді.
Назымды ата-анасы, туған-туыстары мен достары ыстық ықыласпен күтіп алды. Әуежай іші мерекелік атмосфераға бөленіп, ән шырқалды, жүлдемен оралған спортшымызға шашу шашылды. 50 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Назым жартылай финалда Қытай боксшысы, Әлем және Азия ойындарының чемпионы Ю Вуға есе жіберген еді. Алтынға бергісіз қоланы еншілеген спортшымыздың Олимпиада ойындарына алғаш рет баруы. Десе де, оны да үштікпен түйіндеді. Достары, қолдаушылары Париж төрінде ел намысын қорғаған жүлдегердің құшағын гүлге толтырды.
Назым Қызайбай, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері:
Боксты «Шаңырақ» интернатында алғаш рет бастадым. Онда жақсы жағдай жасалған, әр спортшының спорттағы қадамы сол жерден бастау алды.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық өнердің ұстаханасы жаңартылады
27.07.2026, 20:58
Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
27.07.2026, 20:56
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
27.07.2026, 20:06
«Болашақ ойындары – 2026»: Халықаралық командалар Астанаға жинала бастады
27.07.2026, 20:04
БҚО-да 116 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды
27.07.2026, 20:04
Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста
27.07.2026, 20:03
«Таза Қазақстан» акциясы аясында табиғи аумақтар тазартылды
27.07.2026, 20:02
Маңғыстаудың жартас мешіттері Дүниежүзілік мұралар тізіміне қосылды
27.07.2026, 20:01