«Балқаш Жылу» серіктестігі директорының бұрынғы орынбасары және бас есепшісі сотталды
«Балқаш Жылу» серіктестігі директорының бұрынғы орынбасары және бас есепшісі сотталды. Сот үкімімен орынбасар 5 жыл 5 айға, ал есепшісі 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар бюджеттің 708 млн теңгесін жымқырған. Тергеу барысында олар 144 млн теңгені ақшалай қайтарды. Сондай-ақ сотталғандардан 3 бөлмелі пәтер мен Lexus автокөлігі тәркіленді.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
Сотталған азаматтар 2020 жылғы маусым мен 2023 жылғы қаңтар аралығында Балқаш ЖЭО мен Балқаш қаласын жылумен жабдықтау желілерін жөндеуге және жұмысын үздіксіз қамтамасыз етуге арналған бюджет қаражатын іс жүзінде қандай да бір азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалмаған жалған кәсіпорындардың шоттарына негізсіз аудару жолымен ұрлаған. Жалпы соммасы 708 млн теңге.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53