Ақмола облысында экологиялық акциясы аясында 7 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ақмолалық полицейлер 7 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзу дерегін анықтады. Облыс аумағында 200-ге жуық заңсыз қоқыс алаңы табылды. Экологиялық талаптарды бұзған 18 заңды тұлға жауапкершілікке тартылды. Ал рұқсатсыз полигондарды уақытылы жоймаған ауыл әкімдеріне қатысты материалдар экология департаментіне жіберілді. Сондай-ақ тәртіп сақшылары соңғы жеті айда абаттандыру ережелері бұзылған төрт мыңға жуық, қоғамдық орындарды ластаудың екі жарым мыңнан астам дерегін анықтады.
Әлия Біләлова, Ақмола облыстық полиция департаментінің жетекші маманы:
«Таза Қазақстан» акциясы барысында полицейлер 8 мыңнан астам рейдтік іс-шара жүргізді. Акция аясында полицейлер елордалық өңірлерге, атап айтқанда, Қосшы қаласына, Аршалы және Шортанды кенттеріне, Ерейментау және Целиноград аудандарына шығуды жүзеге асырды. Онда 18 заңды тұлғаға қатысты 124 әкімшілік хаттама толтырылды.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15