Президент жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
Мемлекет басшысы Ақмола облысына жұмыс сапарымен барып, бірнеше нысанды аралады. Жуырда ғана пайдалануға берілген мына мектеп 1500 орынға шақталған. Нысан «Болат Өтемұратов қорының» жеке инвестициясы есебінен салынып, жергілікті білім бөлімінің басқаруына берілген. Мектепте 280 орындық акт залы, 360 орындық асхана, 2 спорт залы, информатика, химия, физика, биология, технология және музыка кабинеттері бар. Оқушылар мұнда білім алып қана қоймай, «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында спорт секцияларына және шахмат, тоғызқұмалақ, асық ату, би, хор, фортепиано, домбыра, роботты техника секілді үйірмелерге тегін қатыса алады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Қазақстан озық мемлекет болады десек, осындай робототехниканы игеру өте қажет нәрсе, қажет білім. Сондықтан балаларымыз білімді болсын әрқашан да.
Қасиет Сайлаубек, оқушы:
Робототехникада мен әртүрлі роботтар құрастырып, программалар жазуды үйрендім. Компьютермен жұмыс жасап, роботтар қалай жұмыс жасайтынын барлығын біліп, үйрендім. Біз үшін мектепте барлық жағдай жасалған. Сізді көргеніме өтие қуаныштымын.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15