Африкада өршіген маймыл шешегі вирусы Филиппин аралдарына жетті
Африкада өршіген маймыл шешегі вирусы Филиппин аралдарына жетті. 33 жастағы азамат шетелге шықпаса да науқастанып отыр.
Конго Демократиялық Республикасында бұл вирустан қайтыс болғандар саны 548-ге жетті. Мұны осы елдің денсаулық сақтау министрі мәлімдеді. Ал Конгода 2023 жылдан осы инфекциядан мыңнан астам тұрғын көз жұмған. Бұған қоса маймыл шешегі алғаш рет Пәкістанда тіркелді. Бүгінге дейін бұл індет «Қара құрлықтың» 12 мемлекетінде анықталды. Осы ретте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше жағдай жариялады. Дегенмен Біріккен Ұлттар Ұйымының мәлімдеуінше, әзірге әлем мемлекеттері арасында шекараларды жабуға еш негіз жоқ.
Бронвин Никол, Халықаралық қызыл крест ұйымының өкілі:
Халықаралық денсаулық сақтау ережелерін ескерсек, бүгінше шекараларды жабудың қажеті жоқ. Індеттер мұндай шешімге қарамайды. Себебі адамдар заңды немесе заңсыз түрде өзге елдерге бәрібір баруы мүмкін. Яғни шекарадағы шектеулер аурудың тарауын тоқтата алмайды дегім келеді.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрылтай сайлауының үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
28.07.2026, 20:10
Ертең «Болашақ ойындары 2026» халықаралық мультиспорттық турнирі басталады
28.07.2026, 20:07
Ертең «Qazaqstan» телеарнасында ұлттық теледебат өтеді
28.07.2026, 20:07
Желілерді жаңартуға 13 триллион теңге бөлінеді
28.07.2026, 20:05
Әлеуметтік желі арқылы заңсыз контент таратқан 9 стример жауапқа тартылды
28.07.2026, 20:05
Қайтыс болған адамның несиесі кімге жүктеледі?
28.07.2026, 20:05
Әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көшесі Петропавл қаласында орналасқан
28.07.2026, 20:04
Қарызды өтеу: Коллекторлардың қызметі өзгереді
28.07.2026, 20:04