Газада соғыс құрбандарының саны 40 мыңнан асты
Газа секторында Израиль әскерінің шабуылдарынан қаза тапқан палестиналықтар саны 40 мыңнан асты. Мұны осы анклавтың денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Оның дерегінше, жараланғандар 93 мыңға жуықтап қалған. Ал өткен тәуліктің өзінде 24 тұрғын мерт болыпты. Құрбандардың ішінде мыңдаған әйел мен бала бар. Израиль армиясы Хамастан кек алу үшін Газаны күнде бомбалауға кірісті. Бұл соғыс былтыр қазанның 7-де хамастықтар Израильдің оңтүстігіне басып кіріп, 1200 адамды өлтіріп, жүздегенін кепілге алғаннан кейін басталған.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14