Несиенің жылдық сыйақы мөлшерлемесі 10% төмендеді
Елімізде несиенің жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 10% төмендеді. Яғни бұрын 56% болса, жаңа жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 46% болды. Сондай-ақ банктердің кепілсіз беретін тұтынушылық несие сомасы да өзгерді. Енді кредит көлемі – 8 миллион 122 мың теңгеден аспауы тиіс. Ал кепілмен берілетін қарыз сомасы шексіз. Сонымен қатар шағын кредиттік ұйымдардың қарыздық шегі де бекітілді. Несие сомасы – 4 миллион 61 мың теңгеден көп болмауы керек.
Нұрбол Райымқұл, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бас маманы:
Аталған өзгерістер жалпы қарыз алушылардың борыштық жүктемесіне оң әсерін береді. Және халықтың шамадан тыс кредит алуға жол бермеуіне өзінің әсерін береді деп ойлаймыз. Ипотекалық қарыздардың жылдық сыйақы мөлшерлемесі 25 пайыз деңгейінде қалды.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдіктер Қазақстанға келу үшін электронды рұқсат алуы керек
02.11.2026, 13:02
Президент жұмыс бабымен Қарағанды облысына барды
02.11.2026, 13:00
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03