Артық төлем жасағандарға 768 млн теңге қайтарылады
Жылуға артық төлеген қазақстандықтарға 800 млн теңгеге жуық қаржы қайтарылады. Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу агенттігі өткен жылыту маусымындағы төлемді есептеп, осындай қорытынды шығарды. Артық төлем берілген жылу көлемін есептеу құрылғылары жоқ үйлерден алынған. Бұл сомма жыл соңына дейін таратылып беруі тиіс. Дегенмен қаржы абоненттерге қолма-қол берілмейді. Ай сайынғы төлемнен шегеріліп отырады. Ал, артық төлеген абоненттерді анықтау мүмкін болмаған жағдайда сол өңірде тариф арзандатылмақ.
Мирас Зеріпбаев, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары:
Ең көп қайта есептеу жүргізілген облыстарға тоқталып өтсек ол - ШҚО. Шамамен 354 млн теңге. Алматы қаласы 95 млн теңге және Маңғыстау облысы шамамен 60 млн теңге. Осы сомаға негізінен әсер ететін фактор ол осы есепке алу аспаптарының қамтамасыз етілгеніне байланысты. Біздің Қазақстан бойынша жалпылама орташа есеппен 75 пайызды құрайды есептеу құралдарымен жабдықталған үйлердің саны.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15