Елдос Сметов келесі Олимпиадаға қатысу туралы шешім қабылдады
Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов туралы фильм түсірілуі мүмкін. Бұл туралы спортшы «Қазақстан» ұлттық арнасына берген эксклюзивті сұхбаты кезінде өзі айтты. Ең бастысы бұл фильм жастарды салауатты өмір салтына, спортқа баулуы тиіс. Бала Елдостың Олимпиада чемпионы болу туралы арманынан бастап, әлемдік додада көк туды желбіреткенге дейінгі жолы, күнделіктті өмірі мен жаттығуы толық көрсетіледі. Фильм қашан қолға алынатыны әзірге белгісіз. «Мен спорттық жолымды тоқтатпаймын. Енді келесі Олимпиадаға дайындаламын» - деді Елдос Сметов.
Елдос Сметов, Париж Олимпиадасының чемпионы:
Егер жақсы көріп тұрсам, осы нәрсе қолымнан келіп тұрса ел абыройын асыруға, тағы да көк туды желбіретуге, Әнұранды ойнатып жіберуге, мүмкін тағы бір тарихи жеңіс болып кетеді. Екі дүркін Олимпиада чемпионы болып кетем деген сияқты бір ой туындады да өзім бұл спортты жақсы көргеннен кейін мен шешім қабылдадым. Мен Лос-Анджелеске дайындаламын.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53