Абай облысында мал шаруашылығына басымдық беріледі
Абай облысында мал шаруашылығына басымдық беріледі. Осы мәселені талқылау үшін Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин өңірге арнайы барды. Дәріс-кеңес өткізіп, онда мал шаруашылығын дамытудың жоспарларымен, табысты тәжірибелермен бөлісті. Мал шаруашылығына австралиялық әдісті енгізудің артықшылықтарын айтты. Үкімет басшысының орынбасары ең алдымен ет өндірісінің өзіндік құнын төмендету керек, - деді. Қазір Қазақстанда бұл өнім айтарлықтай қымбат. Ал өндірілген ет экспортта бәсекеге төтеп бере алмайды. Серік Жұманғарин бұл тұрғыда мал өсірудің австралиялық әдісі тиімді екенін жеткізді. Қазір бұл әдіс пилоттық жоба ретінде қолға алынды.
Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:
Австралияға барып келдік. Солардың тәжірибесін қарап, зерттеп, пилоттық деңдейде 5-6 қожалықты таңдадық. Оларға биыл қаражат бөліп, суармалы жерлерге жаңа технологияларды бөліп, ертеңге шөп дайындау үшін қаражат бөлді. Келер жылдан бастап, бордақылауға басқаларға қаражатты бөлеміз.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08