Көшпенділер ойындарында 1300 ерікті қызмет етіп жүр
Көшпенділер ойындарына шетелден келген туристерге еріктілер көмектесіп жүр. Шарада волонтерлерді бірден танисыз. Еріктілерге арнайы киім берілген.
Бұл – халықаралық додада қызмет етіп жүрген еріктілердің униформасы. Көшпенділер ойындарының логотипі таңбаланған бұл киім арнайы тапсырыспен тіктірілген. Жалпы әлем елдері көз тіккен жарысқа атсалысу үшін 4,5 мыңнан астам адам ниет білдірген. Оның ішінде АҚШ, Түркия, Германия, Франция және Гана Республикасының азаматтары да бар. Басты талап – ағылшын тілін білу. Еріктілер қонақтарды қарсы алу, ақпараттық сүйемелдеу және басқа да ұйымдастыру жұмыстарымен айналысады. Қазір көшпенділер ойындары алаңында 1300 адам ерікті қызмет етіп жүр.
Үшбатыр Алпысбес, ерікті:
World Nomad games бұл қазақ елінің тарихын, бұрынғы салт-дәстүрлерін ғана емес, барлық түркі елдерінің салт-дәстүрін қайта қалпына келтіріп, басқа әлемге жария ету үшін. Осы ойындардың мүшесі болуға өте қатты қуаныштымын. Сол үшін келдім.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15