Спорттық бағдарламалаудан әлем чемпионаты басталды
Компьютерлік бағдарламалау - адамзат баласының әмбебап тілі. Ол түрлі саланың дамуында маңызды рөл атқарады. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Астанада өтіп жатқан 48-ші спорттық бағдарламалаудан әлем чемпионатының ашылу рәсімінде осылай деді. IT саласы Қазақстанда ұлттық деңгейдегі басымдыққа ие. Қазіргі таңда елімізде IT-мамандар даярлауға және бағдарламалау мамандығын оқытатын университеттерді дамытуға айтарлықтай инвестиция салынып, мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп келеді. Айта кетейік, 15-20 қыркүйек аралығында Астанада өтетін чемпионаттың финалына әлемнің әр түпкірінен 600 бағдарламалаушы қатысып жатыр.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті сенатының төрағасы:
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев цифрландыру, ІТ, жасанды интеллектіні дамыту және инновацияларды енгізу мәселелеріне үнемі баса мән беріп келеді. Қазақстанда стартаптарға қолдау көрсету және озық технологияларды енгізу бағыты да жүйелі жолға қойылған. Елімізде IT-хабтар мен технологиялық орталықтар құрылып жатыр. Осы сайыста Қазақстандағы жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бес командасы ел намысын қорғайды.
Оңғар Алпысбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03