Түркістанда көшпенділер ойынының жеңімпаздары марапатталды
Түркістанда V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары марапатталды.
Аймақ басшысы Дархан Сатыбалды Түркістан облысының атынан қатысқан спортшыларға құрмет көрсетіп, оларға ақшалай сыйлық табыстады. Айта кетейік, өңірден барған 32 спортшы да жақсы нәтиже көрсетіп, 16 алтын, 10 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды. 4 жігіт көкпар құрамасы сапында чемпион атанса, өзге спортшылар аударыспақтан 5 алтын, 1 күміс медаль еншіледі. Сонымен бірге овари, жамбы ату, қазақ күресі, теңге ілу, асық ату спорт түрлерінен де қоржынға алтын жүлделер түсті. Әсіресе алыптар сайысында Азамат Мақұлбеков өзіне қарсылас шақ келтірмеді.
Азамат Мақұлбеков, «Толағай» алыптар сайысының жеңімпазы:
Көшпенділер ойынына бірінші рет кірді біздің алыптар сайысы деген. Біз сол жарыста жеңіске жеттік. Дайындық өте керемет болды өздеріңіз көргендей. Қарсыластарым өте мықты болды. Халықтың қолдауының арқасында жеңіске жеттім.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14