Сұйытылған газ 10 теңгеге қымбаттайды
Келесі жылы сұйытылған газ 10 теңгеге дейін қымбаттайды. Биыл баға 5-8 теңгеге өскен. Энергетика министрінінің орынбасары Әлібек Жамауов осылай деді. Оның сөзінше, автогаз құны әр аймақта әртүрлі. Ал бағаны көтеру елдегі автогаз тапшылығын жою үшін қабылданған шара. Қазір Үкімет ішкі нарықтың 80% ғана қамтып отыр. «Ал тапшылық мәселесі 2030 жылға қарай бірақ шешіледі», - деді вице-министр. Ол үшін Қашаған кен орнында 800 мың тонна, Қарашығанақта 600-700 мың тонна сұйытылған мұнай-газ өндіретін зауыт іске қосылмақ.
Әлібек Жамауов, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:
Уақыт өте автогаз құны жанармай құнымен теңескен соң, жүргізушілер автогазға ауысуын доғарады деп ойлаймын. Біз газ құнын жанармаймен теңестірмекпіз. Себебі дәстүрлі отын ретінде жанармай мен дизель қолданылып келді.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53