Ливанда пейджерлер жарылып, 12 адам қаза тапқан
Ливанда «Хезболла» тобының байланыс құралы ретінде қолданылатын пейджерлер бір мезетте жарылып, 3 мыңдай адам жараланды. 12-сі қаза тапқан. Олардың біреуі - 8 жастағы қыз, қалғандары - осы қарулы ұйымның мүшелері.
Ливан үкіметінің жоғары лауазымды өкілінің айтуынша, Израильдің «Моссад» барлау агенттігі тайваньдық компания Венгрияда шығарған 5 мыңдай пейджерге бірнеше ай бұрын «өндіріс барысында» жарылғыш зат салған. Сол зат арнайы код жіберілгенде іске қосылды.
«Хезболла» жарылыстар үшін Израильді айыптады. Қарсы жақ әзірге үнсіз. Ал АҚШ бұл қастандыққа өзінің еш қатысы жоқ екенін мәлімдеп отыр.
Патрик Райдер, Пентагон өкілі, әуе күштерінің генерал-майоры:
Тағы да айтамын, менде пейджерлер жарылысы туралы мәлімет шамалы. Бір айтарым, бұған АҚШ-тың еш қатысы жоқ. Жағдайды қадағалап отырмыз. Осы оқиғадан кейін аймақтағы ахуал ушыға ма деген сауалға келсек, Құрама Штаттар Израиль мен Хамас арасындағы қақтығыстарды кең ауқымды соғысқа айналдырмау үшін серіктестерімен жұмыс істеп жатыр. Сол шараларға Ливан-Израиль шекарасындағы шиеленісті жеңілдету де кіреді.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15