АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб жұмысы жалғасып жатыр
АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың аймақтардағы жұмысы жалғасуда. Тұрғындармен кездесу, АЭС туралы түрлі сұрақтарға жауап беру және түсіндіру жұмыстары республика бойынша жүргізіліп жатыр. Көшелерде белсенділер ақпараттық материалдар іліп, тұрғындарды референдум күні дауыс беруге шақыруда. Өңірлердегі белсенділер де бұл іске белсене қатысып жатыр. Еске сала кетейік, атом электр станциясын салу бойынша республикалық референдум 6 қазанда өтеді. Түсіндіру жұмыстары тыныштық күніне дейін, яғни 5 қазанға дейін жалғасады.
Ақерке Ескендірова, «Amanat» партиясының «Жастар рухы» ЖҚ төрағасы:
Ақпарат жазылған сол бойынша белсенділер тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Міндетті түрде бұл материалдар қазақ және орыс тілінде үйлестіріледі. Халықтық штабқа елдің барлық партиялары және түрлі ұйымдар кірді. Сонымен қатар, осы ұйымдардың жастары да бірлесіп жұмыс жасап жатыр.
Мұрат Жолдықожаев, «Amanat» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы:
Шымкент қаласы тығыз орналасқандықтан біз үйді-үйге кіріп, материалдарды халыққа таныстыру жұмысы қарқынды жүріп жатыр.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15