Сенат мопед жүргізушілеріне талапты күшейтетін заң жобасын мақұлдады
Мопед жүргізушілеріне талап күшейтіледі. Сенат бүгін тиісті заң жобасын мақұлдап, Президенттің қол қоюына жіберді. Құжатқа сәйкес енді мопед иелері тіркеуге алынып, көлікке мемлекеттік нөмір тағуға міндеттеледі. Бұл жол ережесін бұзатындарды бейнебақылау камералары арқылы тез анықтау үшін қабылданған шара. Себебі, қазір мопедтің кесірінен болатын жол апаты азаймай тұр. Биыл 8 айда 962 жол апаты болған. 39 адам қаза тапқан.
Игорь Лепеха, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:
Бүгінде «Сергек» және басқа да бейнебақылау камералар арқылы мопед жүргізушілерінің кім екенін анықтау мүмкін емес. Яғни мопедте мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ. Осыны пайдаланып, олар әдейі жол ережесін бұзады.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15