Мобилографтар арасындағы байқаудың жеңімпаздары анықталды
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы промо-ролик түсіруге арналған мобилографтар арасындағы байқау аяқталды. Сайысқа қатысқан 2,5 мыңға жуық үміткердің ішінде алыс-жақын шет мемлекеттерден де атсалысқан азаматтар бар. Сонымен үшінші орын Арман Тұрлыбековке бұйырса, екінші орынға Аманқұл Ерасыл қол жеткізді. Ал бас жүлдені Берікбол Аймырза жеңіп алды.
Берікбол Аймырза, мобилограф:
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған конкурста жеңіске жеткеніме қуанып отырмын. Мықты мобилографтар қатысқан. Көкшетаудағы әріптестеріме алғысымды білдіремін.
Енді конкурстың жеңімпазы Президенттің жеке мобилографы ретінде іс-сапар немесе іс-шара барысында бір күн жұмыс істейді. Жалпы үздік төрттіктен көрінген мобилографтарға бағалы сыйлықтар мен қаржылай қолдау бар. Бұдан бөлек, 5 және 20-орын аралығындағы жүлдеге ие болған азаматтарға ынталандыру сыйлықтары табысталмақ.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Kozybayev University ғалымдары жол жабынының беріктігін арттыратын технология әзірледі
02.11.2026, 18:35
Баламалы энергия көздерін дамыту туралы заң қабылданады
02.11.2026, 17:17
Атырауда экстремистік топтың 10 мүшесі ұсталды
02.11.2026, 17:13
Жол салу стандарттары өзгереді
02.11.2026, 17:12
Мемлекет басшысы Теміртауға жұмыс бабымен барды
02.11.2026, 17:00
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15