Иранда шахтадағы жарылыстан 51 адам қаза тапты
Иранда көмір шахтасында болған жарылыстан 51 адам қаза тапты. Тағы 20 шақты жұмысшы жараланған. Оқиға елдің шығысындағы Оңтүстік Хорасан провинциясында болды. Мұны мемлекеттік телеарна ИРНА хабарлап отыр. Алдын-ала мәліметке қарағанда, апатқа шахтаның екі блогында метан газының тарауы себепші. Оқиға алдында кен орнында 69 адам жұмыс істеп жатқан. Үйінді астында қанша адамның қалып қойғаны әзірге белгісіз.
Ел президенті Масуд Пезешкиан бар күшті құтқару операцияларына салуға және құрбандардың туыстарына көмек көрсетуге бұйрық беріп, тергеудің басталғанын мәлімдеді.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14