Қытай орталық банкі экономиканы қайта жандандыру шараларын жариялады
Қытай орталық банкі әлсіреп бара жатқан экономиканы ынталандыру шараларын жариялады. Бұл туралы мәлімдемені осы қаржы ұйымының төрағасы Пань Гуншэн Бейжіңде жасады. Оның сөзінше, кредиттердің құны арзандап, банктерге көбірек несие беруге мүмкіндік жасалады. Бұл шешімге әлемнің екінші экономикасы саналатын ел биыл 5 пайызға өсу мақсатына жете алмайды деген болжамнан кейін келіп отыр. Қытайда жылжымайтын мүлік нарығы да дағдарысқа ұшырап, бірнеше құрылыс компаниясы банкрот болды. Сондықтан орталық банк ипотеканың пайызымен бірге минималдық алғашқы жарнаның 15 пайызға дейін төмендетілетінін хабарлады.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14