Депутат: Бала санасына зиянды желілерді бұғаттау керек
Балалардың психикасына теріс әсер етіп отырған әлеуметтік желілердің жұмысын шектеу қажет. Мәжілісмендер осындай бастама көтеріп жатыр. Олар балалар арасындағы суицидті болдырмау үшін жауапты министрлік мектептердегі психологиялық қызмет жұмысының алгоритмін өзгертуі керек деп есептейді. Сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің әкімшілері де таралатын ақпаратты сүзгіден өткізіп, заңсыз, зиянды, сананы улайтын түрлі мобильді қосымшаларға бақылауды күшейту керек. Олай болмаса мемлекет оларды бұғаттауы керек деп санайды.
Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Қазіргі таңда мессенджерлердің әрқайсысының өзінің администраторы бар. Сәйкесінше аталған ұйымдастырушылар балалардың көріп отырған контентіне байланысты өздеріне жауапкершілік алатын уақыты жетті. Осы мессенджерлер тарататын ақпараттардың тақырыбына, баланың психикалық әсеріне байланысты өздері оны тазартып отыруы керек.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15