Бүгін – Мұхтар Әуезовтің туған күні
Бүгін – қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері, Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш академигі Мұхтар Әуезовтің туған күні. Мұхтар Әуезов ұлт әдебиетінің алтын ғасырының бастауында тұр. Ол қазақ өркениетінің жаңа болмысын ашқан жазушы. 15 жыл бойы «Абай жолы» 4 томдық даңқты тарихи роман-эпопеясын жазды. Кітап 1949 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығын алды. Роман 30 тілге аударылып, оқырмандардың ықыласына бөленді. Сол Абайдың ұлылығы мен даналығын ашқан Мұхтар Әуезов те, өткен ғасырдағы қазақ әдебиетінің алыбы.
Ғарифолла Есім, философия ғылымының докторы:
Мұхтар Әуезов туралы, оның «Абай жолы» романы шыққан кезде қазақтың тамаша ғалымы Қаныш Сатбаев былай дейді: «Абай жолы» 19 ғасырдың екінші жартысындағы қазақ өмірінің энциклопедиясы деген. Бұдан артық баға ешкім айтқан жоқ, айтуы мүмкін де емес.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жігерлі жандар – көпке үлгі
16.09.2026, 20:28
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
16.09.2026, 20:27
Талдықорған жастары Қаратал өзенінің жағалауын тазалады
16.09.2026, 20:25
Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады
16.09.2026, 20:20
Ақтауда мектеп асханасындағы ас мәзірі жаңарды
16.09.2026, 20:19
Түркияда интернет арқылы қылмыс істеген мыңнан аса адам ұсталды
16.09.2026, 20:10
Вице-президент: Ішкі саясатта үш басымдыққа мән беріледі
16.09.2026, 20:09
«Отбасы банкке» аударылған зейнетақы жинағын сақтау мерзімі өзгерді
16.09.2026, 20:07