Президент: Судьялар адалдықтың, дербестіктің және әділдіктің үлгісі болуы керек
Әділ сот – мемлекеттің тірегі, сондықтан сот билігі қашанда абыройлы әрі мінсіз болуы тиіс. Президент Қазақстан Судьяларының ІХ съезінде осылай деді. Сондай-ақ бұл басымдықтарға қол жеткізу үшін атқарылуы тиіс жұмыстарға тоқталды. Келер жылы шілде айынан бастап, сот шешіміне кассациялық тәртіппен шағымдану мүмкіндігі пайда болады. Одан бөлек, саланың цифрлану деңгейін жетілдіре түсу де маңызды. Бұл соттың ашықтығы мен судьялардың жауапкершілігін арттыра түседі. Ал сот кезінде пайдаланылатын деректер қатысушылардың барлығына қолжетімді болады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Судьялар адалдықтың, дербестіктің және әділдіктің жарқын үлгісі болуы керек. Сондықтан судьялардың этикалық нормаларды сақтауы ерекше маңызды. Жаңа өзгерістерге сай енді сот ісін қарау кезіндегі барлық өрескел қателікті қазылар қауымы тексереді. Бұл – соттардың тәртіптік жауапкершілігін күшейтуге бағытталған жаңа тәсіл.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53