Талдықорғандық жастар дауыс беруге электросамокат тізгіндеп келді
Жетісу облысында дауыс беруге құқылы электорат саны 422 мыңнан астам. Дәл осы сәтке олардың 60 пайыздан астамы өз таңдауын жасады. Қазір бізбен Талдықорғандағы әріптесім Қуаныш Қанатұлы тікелей байланыста.
Қуаныш Қанатұлы, тілші:
Жетісулықтар бүгінгі жалпыхалықтық референдумда өте белсенді. Мәселен мына мен тұрған Оқушылар сарайындағы №395 референдум учаскесінде 2 200 ден астам дауыс беруші тіркелсе, олардың басым бөлігі өз таңдауын жасап үлгерді. Бір қызығы бүгінгі референдумда еліміздің түкпір-түкпірінде дауыс берушілер әртүрлі образда келіп жатса, біздің талдықорғандық жастар дауыс беруге электросамокат тізгіндеп келді.
Еркебұлан Жақан, Жастар орталығының жетекшісі:
Бұл енді өзіміздің арамызда ақылдасудан туындады. Жастардан қашанда жаңашылдықты, жаңаруды күтіп отырады ғой. Сондықтан бүгін келіп өзіміздің таңдауды осылайша бір ерекшелікпен көрсеткіміз келді.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкімет Конституцияны ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті
06.04.2026, 20:59
Елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады
06.04.2026, 20:57
Алматылықтардың 40 пайызы жыл сайын маусымдық аллергиямен күреседі
06.04.2026, 20:54
Шымкентте су арналарының айналасы қоқысқа толы
06.04.2026, 20:52
Семейде «Келешек мектептері» жобасы аясында білім ошағы ашылды
06.04.2026, 20:49
«SuperStar KZ» – Ақтауда
06.04.2026, 20:44
Азия чемпионаты: Төрт боксшымыз финалға шықты
06.04.2026, 20:41
Доллар бағамы 466 теңгеге дейін түсті
06.04.2026, 20:15