150 астаналықтың құмар ойынға қатысуына тыйым салынды
Астана қаласының 150 тұрғынына құмар ойынға қатысуға тыйым салынды. Олар балаларына алимент төлеудің орнына ақшасын ойынға салған. Қалалық прокуратураның ақпаратынша олардың балалары алдындағы жалпы қарызы 350 млн теңгеге жетіпті. Тіпті төленбеген алиментінің сомасы 2,5 млн теңгеге жеткен әкенің құмар ойындағы айналым ақшасы 80 млн теңге екені анықталды. Осылайша сот орындаушылары 150 адамға құмар ойынға қатысуға тыйым салды.
Нұрлан Дәлуұлы, Астана қаласы прокурорының көмекшісі:
Құмар ойындарына қатысатын борышкерлер туралы мәліметтер ойын-сауық бизнесі субъектілерінен сұрау арқылы алынды. Құмар ойындарына тыйым салу заңмен нақты көзделген тұлғаларға да салынады. Соның ішінде борышкер тізіміне кіргізілген тұлғаларға қатысты қойылады. Борышкерлер мен құмар ойындарына тыйым салу Қазақстанның барлық контораларында құмар ойындарына қатысуға тыйым салынады.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53