«Милтон» дауылы Флоридаға жетті
АҚШ-тың Флорида штатына өңірде соңғы 100 жылда болмаған ең сұрапыл «Милтон» дауылы соққы берді.
Бастапқыда күші 5-ші санатта болған дауыл штатқа жеткенде 2-категорияға дейін бәсеңдеген. Қазір желдің жылдамдығы сағатына шамамен 200 шақырымға жетті. Миллионнан астам тұрғын электр жарығынсыз қалған. Билік ұйымдастырған уақытша паналарға 70 мыңдай адам көшірілді. Аймақта күшТі желмен қоса нөсер жауын жауды. 19 мәрте құйын көтерілген. Бұған қоса, қалыңдығы 4 метрге дейін жететін толқын көтерілуі, әрі су тасқыны жүруі мүмкін екені ескертілді.
Джо Байден, АҚШ президенті:
Милтон аса қауіпті. Жолда кездескеннің бәрін қиратып, өмірге қауіп төндіріп тұр. Ол күшеюі мүмкін. Дауыл соққы берген аймақ тұрғындарын жергілікті әкімшілік өкілдеріне құлақ асып, қауіпсіздік нұсқауларын орындауға шақырамын.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53