Орақ науқаны аяқталуға жақын
Елімізде орақ науқаны аяқталуға жақын. Мемлекет басшысының қабылдауында болған Ауыл шаруашылығы министрі осылай деп есеп берді. Бүгінде ел бойынша егіннің 98 пайызы жиналып, 25,2 миллион тонна астық бастырылған. Орташа өнімділік - әр гектардан 15,5 центнер. Диқандар 1,2 миллион тонна қант қызылшасын жинамақ. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Айдарбек Сапаров аграрлық саланы дамытудың биылғы 9 айдағы қорытындысы мен келесі жылға арналған жоспары туралы да баяндалды. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тапсырма берді.
Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
Ауыл шаруашылығының өнімі 111,5 пайызға жетті. Соның ішінде өсімдік саласы 117 пайыз. Бұл нәтижеге көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына қаржыландырудың уақытылы болуы арқасында қол жеткізілді. Бұған дейін бұл сома 140 млрд теңгеден аспаған. Ал ағымдағы жылы жеңілдетілген қаржыландыру 3 есеге ұлғайтылып, 580 млрд теңгені құрады.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53