Жетісу облысында 59 емдеу мекемесі салынып жатыр
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында Жетісу облысында 60-қа жуық емдеу мекемесінің құрылысы жүріп жатыр. 15 дәрігерлік амбулатория, 39 фельдшер-акушерлік және 5 медициналық пункт салынуда. Бірқатар нысан пайдалануға беріліп те қойды. Мұнан бөлек 27 блок-модульден тұратын құрастырмалы медициналық пункт салу жоспарланған. Бір ғана Панфилов ауданында 12 ғимарат жаңадан бой көтеріп жатыр. Қырыққұдық ауылында салынып жатқан дәрігерлік амбулатория жыл соңына дейін тапсырылмақ. Оған дейін дәрігерлер тұрғындарды бейімделген амбулаторияда қабылдап, қажетті ем-дом көрсетуде.
Гүлбағира Шолақова, дәрігерлі амбулаторияның медбикесі:
Ғимаратымызда бізде кішкене ыңғайсыздау. Кабинеттеріміз тар. Жаңа ғимаратта барлық жағдай жасалады деп ойлаймыз. Әр кабинетте жеке-жеке болады деп ойлаймыз. Ол жерде бізге ыңғайлы болады. Біз соған тезірек кіруге асығып жатырмыз.
Арман Жансеңгіров, Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Биылғы жылда 33 құрылыс бітеді. 26-ы келесі жылға жоспарланған.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр
28.07.2026, 14:41
Қостанайда ауыл тұрғыны 5 мыңға жуық кітап оқыған
28.07.2026, 13:12
Қазақстандық студент АҚШ-та беделді ғылыми марапатқа ие болды
28.07.2026, 13:10
Франция мен Испанияда өртпен күреске мыңдаған маман жұмылды
28.07.2026, 13:09
Алакөл жағалауында қауіпсіздік күшейді
28.07.2026, 13:08
Алматыда үш бағытты тоғыстырған ғылыми зертхана ашылды
28.07.2026, 13:06
СҚО-да кене шаққан тұрғын дақ безгегін жұқтырды
28.07.2026, 13:06
Түркістанда қоршаған ортаны ластағандарға 65 миллион теңге айыппұл салынды
28.07.2026, 13:05